
2026 жылғы 16 шілдеде Жангелдин ауданының әкімі Д. Бидашевтың қатысуымен ауыл әкімі Қ. Қожабеков Ахмет Байтұрсынұлының халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында ауыл әкімі 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, инфрақұрылымды жақсарту, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады. Кеңес барысында аудан әкімі халықпен ашық пікір алмасты, көтерілген мәселелер бойынша өз пікірін білдірді және жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Барлық көтерілген мәселелер назарға алынып, заңнама шеңберінде түсініктемелер берілді, сондай-ақ алдағы жұмыстар тізімделді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-ahmet-baitursynuly/press/news/details/1259891?lang=ru

Жауап қалдыру