Азаматтарды қабылдау Тұрғындар мәселесі – қала әкімінің назарында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар негізінен тұрғын үй және жер кезегі, аулаларды абаттандыру, ағаштарды кесу, арық жүйелерін тазарту мәселелерін көтерді. Сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын алқаптарға электр желілерін тарту, ауыз сумен қамтамасыз ету, жол салу және балалар ойын алаңдарын орнату бойынша ұсыныстар мен өтініштер айтылды.

Кездесу кезінде «Ұлы Дала» шағын ауданындағы №144 тұрғын үйдің ауласын абаттандыру, кәріз жүйесін реттеу және аулаға асфальт төсеу мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, «Құмшағал» шағын ауданы мен «Казарма» тұрғын үй алабындағы зираттың құжаттарын рәсімдеу, сондай-ақ теміржол бойындағы бос жатқан жерлерді зират аумағына қосып, оны кеңейту жөнінде ұсыныс көтерілді.

Қабылдау қорытындысында қала әкімі көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

Еске сала кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен тұрақты түрде өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1259649?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді