
Павлодар облысының өңірлік психологиялық қолдау орталығының жедел әрекет ету тобының мамандары қиын өмірлік жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға шұғыл психологиялық көмек көрсетуді жалғастыруда.
Әрбір іссапар – бұл тек отбасына немесе білім беру ұйымына бару ғана емес. Бұл – балаға дер кезінде қолдау көрсетуге, жағдайды бағалауға, психологиялық көмек көрсетуге, одан әрі сүйемелдеу бағытын айқындауға және қажет болған жағдайда ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыруға мүмкіндік.
Мамандардың назарында отбасылық жанжалдарға, қатыгездікке, буллингке, эмоционалдық күйзелістерге, дағдарыстық жағдайларға және жедел араласуды қажет ететін өзге де жағдайларға тап болған балалар бар.
Оқу жылы басталғалы бері жедел әрекет ету тобының мамандары Павлодар облысының түрлі аудандары мен қалаларына 40-тан астам іссапар жасады.
Мамандардың басты міндеті – қиын өмірлік жағдайға тап болған әрбір балаға дер кезінде қолдау көрсету, оның өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатердің алдын алу және қауіпсіздік сезімін қалпына келтіруге көмектесу.
Егер сіз көмекке мұқтаж баланы білсеңіз, бейжай қарамаңыз. Кейде дер кезінде берілген бір ғана хабар жағдайды жақсы жаққа өзгертуі мүмкін. Өтініштер мен хабарламаларға арналған байланыс телефоны: 2808.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1259391?lang=ru

Жауап қалдыру