Қарағанды облысында 2026 жылғы егін жинау науқанына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын жеткізетін өңірлік операторды айқындау үшін өтінім қабылдау басталды.
Бөлінген дизель отынының жалпы көлемі 19 307 тонна. Ұсынылатын бағасы – 300 285 теңге/тонна немесе 250–252 теңге/литр (тасымалдау шығындарын есепке алмағанда).
Конкурсқа Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен талаптарға сәйкес келетін ұйымдар қатыса алады. Үміткерлер жұмыс тәжірибесін, қаржылық тұрақтылығын, мұнай базасы мен қажетті техниканың бар екенін растайтын құжаттарды тапсыруы қажет.
Өтінімдер 2026 жылғы 15–21 шілде аралығында Қарағанды қаласы, Лобода көшесі, 20, 104-кабинетте, сондай-ақ org_ush@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Өңірлік операторды анықтау жөніндегі комиссияның отырысы 22 шілде күні сағат 11:00-де өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-agro/press/news/details/1260028?lang=ru

Жауап қалдыру