
Ауданда электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Бұл бағытта соңғы жылдары 6 елді мекеннің (Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Қоғалыкөл, Шаған, Қалжан ахун) электр желілерін қайта жабдықтау жұмыстары толық аяқталды.
Ағымдағы жылы Асқар Тоқмағанбетов және Сәкен Сейфуллин ауылдарының электр желілерін қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді. Жұмыстар жуық арада басталады. Осы жұмыстардың нәтижесінде, электр желілерінің тозу деңгейі 50 пайызға төмендейді.
Одан бөлек, 4,3 млрд. теңгеге Тереңөзек кенті мен Нағи Ілиясов, ауылының электр желілерін қайта жаңғыртуға бюджеттік өтінім ұсынылып, қаржыландыру күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-aqzharma/press/news/details/1260000?lang=ru

Жауап қалдыру