
Ертіс ауылдық округінде маңызды қоғамдық-саяси шара өтіп, жергілікті қоғамдастықтың жаңа құрамы сайланды және ресми түрде бекітілді.
Ертіс ауылдық округінің әкімі Д.Омаров қатысқан жиын барысында ауыл тұрғындарының белсенді қатысуымен округтің дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне және халық пен билік арасындағы ашық диалогтың орнауына септігін тигізетін лайықты үміткерлер анықталды. Жаңа құрамға ауылдың тыныс-тіршілігіне бейжай қарамайтын, ел арасында беделі бар ардагерлер, кәсіпкерлер, жастар өкілдері мен белсенді азаматтар енді.
Жергілікті қоғамдастық мүшелері алдағы уақытта ауылдық округтің бюджетін талқылау және мақұлдау; көшелерді абаттандыру, ауыз су, жол жөндеу сияқты өзекті инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге қатысу; мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау және тұрғындардың мұң-мұқтажын уақытылы жеткізу сияқты маңызды міндеттерді атқарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-ertis/press/news/details/1259444?lang=ru

Жауап қалдыру