
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барды.
Бұған дейін аудандағы 44 елді мекеннің 5-еуі ғана табиғи газға қосылған еді. Енді Лесное және Березов ауылдарының тұрғындарына көгілдір отын берілді. Осылайша, ауданда газбен қамтылған ауылдар саны 7-ге жетіп, газдандыру деңгейі 36%-ті құрады.
«Федоров ауданы әкімдігі мен «Капитал Партнерс Астана» ЖШС арасында жасалған меморандум аясында кәсіпорын қаражаты есебінен Пешков және Владыкин ауылдарына газ құбырларын тарту жоспарланған. Тағы 18 ауылда магистральдық және газ тарату желілерінің жобалау жұмыстары қолға алынды», – деді облыс басшысы.
Бұдан бөлек, аудандағы барлық 44 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткішке 2025 жылы Лесное, Березов және Новошумное ауылдарында су құбырының салынуы нәтижесінде қол жеткізілді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кәсіпорындардың қолдауымен аудан бойынша 3 хоккей корты мен 4 балалар ойын алаңы орнатылды, сондай-ақ саябақтар мен скверлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Лесное ауылындағы «Бек+» ЖШС әлеуметтік жауапкершілік аясында 4 тұрғын үй салып, 2 пәтерлі және 4 пәтерлі баспананы қалпына келтірді. Биыл кәсіпорын балалар ойын алаңын орнатуда. Инвестиция көлемі – 17,3 млн теңге.
Биылғы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша Федоров ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрақты оң өсімді көрсетіп келеді.
Аймақ басшысы аудан халқымен кездесу өткізіп, өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Тұрғындардың сауалына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1259586?lang=ru

Жауап қалдыру