Казталов аудандық басқарма мамандарымен жұмыс жиыны өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Нұрсұлу Сариеваның төрағалығымен Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен жұмыс жиыны өткізілді.

Жиын барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын ұстануы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері жан-жақты қаралды.

Әдеп жөніндегі уәкіл Нұрсұлу Сариева мемлекеттік қызметшінің кәсіби әдебі, қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындауы, азаматтармен қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің беделін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, жиын аясында басқарма мамандарымен жеке қабылдау өткізіліп, қызметтік және еңбек қызметіне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты түсіндірмелер беріліп, тиісті жауаптар ұсынылды. Жиын қорытындысында мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1259397?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді