
Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков Атамекен кентінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді
Кездесу барысында жол инфрақұрылымын дамыту және кентті абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жолдарды жазғы күтіп-ұстау аясында 20 аялдама павильонына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы көлемі 1 295 шаршы метрді құрайтын автомобиль жолдарына шұңқырларды жөндеу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, жол белгілерін жөндеу және орнату, жасанды жол кедергілерін орналастыру, жаяу жүргіншілер өткелдеріне жол таңбаларын салу жұмыстары орындалды.
Болашақ көшесіндегі кентішілік жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, Макажанов көшесіндегі тротуар қалпына келтірілді. Алтынсарин және Молдағұлова көшелеріне орташа жөндеу жүргізу жобалары бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды, сондай-ақ Байтұрсынов және Панфилов көшелері бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Кентті абаттандыру аясында 18 балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, Абылай хан көшесінде жаңа балалар ойын алаңының негізі дайындалды, ал Ғарышкер көшесінде заманауи ойын алаңын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Кездесу қорытындысы бойынша Хасар Хабылбеков Атамекен кентінің жол инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-pvl-atameken/press/news/details/1259676?lang=ru

Жауап қалдыру