Климаттың өзгеруіне бейімделудің ұлттық жоспарын әзірлеу бойынша отырыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтің төрағалығымен климаттың өзгеруіне бейімделудің ұлттық жоспарын (Жоспар) әзірлеу бойынша отырыс өтті.

Отырысқа орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰ ДБ) және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Жоспар Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы мен Париж келісімі шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерін іске асыру мақсатында Министрлікпен және БҰҰ ДБ бірлесіп әзірленді. Құжат су ресурстары, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, денсаулық сақтау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу сияқты 5 басым сектор бойынша климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.

Отырыс барысында әрбір басым сектор бойынша ұсынылған іс-шаралар талқыланып, сондай-ақ Жоспарды іске асыру және есеп беру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1259931?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді