
Қытайдың жетекші жоғары технологиялық компанияларының басшылары қатысқан дөңгелек үстелде маңызды коммерциялық құжаттармен алмасу рәсімі өтті.
Ерекше атап өтерлік келісімдердің бірі – Астана қаласының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, Freedom Holding компаниясы және Geely Auto Group арасында Қазақстанда электр көлігі инфрақұрылымын дамыту және автомобиль өнеркәсібінде жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар:
▪️ Қазақстан мен Huawei арасында жасанды интеллект және цифрлық даму саласындағы стратегиялық әріптестік нығайтылды;
▪️ «Самұрық-Қазына» АҚ мен Huawei технологиялық шешімдер мен жабдықтарды сатып алу туралы келісім жасалды;
▪️ Даму банкі, өнеркәсіп, көлік, логистика және қаржы секторларында бірқатар инвестициялық жобалар бойынша келісімдерге қол қойылды;
▪️ Li Auto, Chery Holding Group, Geely сияқты жетекші автокомпаниялармен өндірістік ынтымақтастық кеңейтілді;
▪️ Деректер орталықтарын дамыту, робот техникасы, жасанды интеллект, ғылыми зерттеулер және жоғары білім беру бағыттарында жаңа серіктестіктер орнатылды.
Бұл келісімдер Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырып, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ел экономикасының тұрақты өсіміне серпін береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1260008?lang=ru

Жауап қалдыру