Өрт-құтқару спорты бойынша IX турнирдің екінші кезеңі аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Қостанай қаласында өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кубогына арналған IX турнирдің екінші жарыс күні өз мәресіне жетті. Ерлер мен әйелдер арасында 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру дисциплинасы бойынша үздіктер анықталды.

  Әйелдер арасындағы жеке есептің қорытындысы бойынша:

  1 орын – Ситора Режеметова, Маңғыстау облысы (16,68 сек).

  2 орын – Айдана Байтыкова, Қостанай облысы (17,08 сек).

  3 орын – Кристина Подгородецкая,  Астана қаласы (17,20 сек).

  Әйелдер арасындағы командалық есеп бойынша:

  1 орын – Қостанай облысы (106,27 сек).

  2 орын – Шығыс Қазақстан облысы (111,15 сек).

  3 орын – Астана қаласы (111,73 сек).

  Ерлер арасындағы жеке есептің қорытындысы бойынша:

  1 орын – Ансар Шамшуллаев, Солтүстік Қазақстан облысы (16,38 сек).

  2 орын – Райымбек Сәрсекеев, Астана қаласы (16,47 сек).

  3 орын – Бекзат Мирамов, Қостанай облысы (16,76 сек).

  Ерлер арасындағы командалық есеп бойынша:

  1 орын – Астана қаласы (99,81 сек).

  2 орын – Шығыс Қазақстан облысы (101,97 сек).

  3 орын – Солтүстік Қазақстан облысы (103,65 сек).

  Турнир жалғасуда. Бүгін жарыстың қорытынды күні өтеді. Спортшылар «4×100 метрлік өрт эстафетасы» дисциплинасында бақ сынайды. Осы қорытынды кезеңнің нәтижелері бойынша IX турнирдің жалпыкомандалық жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1259480?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді