Омбудсмен «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС қызметкерлерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясындағы адам құқықтарын қорғауға қатысты ережелер туралы дәріс оқыды.

Өз сөзінде Омбудсмен Конституцияның жаңартылған редакциясында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілгенін және оларды қорғаудың конституциялық кепілдіктері күшейтілгенін атап өтті. Адамға бағдарланған қағидатқа, сондай-ақ өмір сүру құқығын, жеке басына қол сұғылмаушылықты, әділ сот талқылауына құқықты, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және өзге де негізгі құқықтарды қорғау саласындағы негізгі конституциялық жаңашылдықтарға ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында қатысушылар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін одан әрі нығайтудағы конституциялық реформалардың маңызын талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1259559?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді