
Полиция Өскемендегі жағажай ұрыларының ізін кесті
Облыс орталығының полицейлері қала аумағында, оның ішінде қалалық жағажайда жасалған бірнеше ұрлық фактісін ашты.
Күдікті демалушылардың заттарын қараусыз қалдырған сәтін пайдаланып, жағажайдан сөмкені ұрлап кеткен. Сөмкенің ішінде iPhone 14 Plus ұялы телефоны мен Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің кілттері болған.
Кейін ол аталған кілттер арқылы көлікке кіріп, салоннан ішінде iPhone 14 Pro ұялы телефоны болған барсетканы алып кеткен.
Жәбірленушіге келтірілген шығын 410 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті демалыс кезінде жеке заттарыңызды қараусыз қалдырмауды, құжаттар, көлік кілттері мен бағалы заттарды ашық әрі қолжетімді жерде сақтамау керектігін ескертеді.Күдікті жағдайлар немесе құқыққа қайшы әрекеттер байқалған жағдайда, дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.
Ш0О ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1259409?lang=ru

Жауап қалдыру