
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен кездесті
“Дөңгелек үстел” форматында өткен ҚХР бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесуде Президент Қытай серіктестеріне шын жүректен алғысын білдіріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті жоғары бағалады.
– Біздің екіжақты байланыстарымыз бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Біз қазақ-қытай қатынастарының жаңа “алтын отыз жылдығына” бірге кірдік. Біздің елдеріміздің өзара іс-қимылы мүлдем жаңа сапалы деңгейге шықты деп айтуға толық негіз бар. Біздің халықтарымыз өзара сенім, шынайы достық және болашаққа деген көзқарастардың ортақтығын біріктіреді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, менің қымбатты досым Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаға елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін терең алғысымды білдіргім келеді,-деді Қасым – Жомарт Тоқаев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1259451?lang=ru

Жауап қалдыру