
Бразилиa, 2026 ж. 15 шілде – ҚР Елшісі Болат Нүсіповтің Планетарлық одақтың және «Қазақстан – Бразилия» достық форумының президенті, Бразилия Ұлттық конгресінің бұрынғы сенаторы Улиссес Ридельмен кездесті.
Қазақстан Елшісі сұхбаттасын елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар туралы, оның ішінде 2026 ж. 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы, алдағы бір палаталы Құрылтайға сайлау және «Қазақстан Халық Кеңесінің» құрамын қалыптастыру мәселелері жөнінде хабардар етті.
Улиссес Ридель Қазақстандағы конституциялық реформаларды жоғары бағалап, ел басшылығына және Қазақстан халқына реформаларды табысты іске асыруда, сондай-ақ алдағы Құрылтай сайлауында сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Болат Нүсіпов сұхбаттасына достық әрі нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, қазақстандық-бразилиялық екіжақты қатынастарды нығайтуға және кеңейтуге қосқан үлесі үшін
ҚР Елшілігінің Алғыс грамотасын табыс етті.
Кездесу соңында тараптар биылғы күзде «Қазақстан – Бразилия» достық форумының кезекті бірлескен отырысын өткізу мүмкіндігін талқылады.
Анықтамалық: União Planetária (Бразилияның Планетарлық одағы)– әлеуметтік, білім беру және экологиялық салалардағы жобаларды әзірлеумен, сондай-ақ азаматтық қоғамның мүдделерін білдірумен айналысатын үкіметтік емес коммерциялық емес ұйым. 1997 жылы Улиссес Ридель мен жоғары деңгейдегі саясаткерлер тобы құрған ұйым ел көлемінде әлеуметтік, рухани және жаһандық сипаттағы жобаларды жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар көптеген халықаралық марапаттарға, оның ішінде «Gandhi Communication Award» сыйлығына ие болған TV SUPREN білім беру телеарнасы арқылы озық тәжірибелер мен табысты бастамаларды кеңінен насихаттайды.
«Қазақстан – Бразилия» достық форумы 2022 жылы құрылған. Форум Жарғысына сәйкес оның құрамына Басқарма мен Қамқоршылық кеңесі кіреді. Кеңес құрамында бұрынғы саясаткерлер, кәсіпкерлер, заңгерлер, қоғам және саясат қайраткерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Форум жылына екі рет Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген отырыстар өткізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1260054?lang=ru

Жауап қалдыру