
Құрметті отандастар! Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Гамбург қаласындағы Консулдығы Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау өтетіні туралы хабарлайды. Дауыс беру Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 Жарлығына сәйкес өткізіледі.
Дауыс беру күні мен уақыты
2026 жылғы 23 тамыз, сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (Берлин уақыты бойынша).
Өтетін орны
Гамбург қаласындағы Қазақстан Республикасының Консулдығы жанындағы № 509 сайлау учаскесі.
Мекенжайы: Bei Schuldts Stift 3, 20355 Hamburg
Кімдер дауыс бере алады?
Сайлауға 18 жасқа толған, ГФР-дың мына федералдық жерлерінде тұрақты тұратын немесе уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:
- Гамбург
- Бремен
- Төменгі Саксония
- Шлезвиг-Гольштейн
Сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібі
№ 509 сайлау учаскесінде дауыс берушілер тізіміне алдын ала енгізілу үшін деректеріңізді konsul-hamburg@mfa.kz электрондық поштасына алдын ала жіберулеріңізді сұраймыз:
- Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
- ЖСН
- Туған күні
- Германиядағы нақты тұратын мекенжайы
Маңызды: Дауыс беру күні өзіңізбен бірге жарамды паспортыңыз немесе Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болуы міндетті.
Байланыс ақпараты:
- Телефондар: +49 (0) 403 037 64 83
- Электрондық пошта: konsul-hamburg@mfa.kz
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Гамбург қаласындағы Консулдығы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hamburg/press/news/details/1260034?lang=ru

Жауап қалдыру