Құрмансай ауылдық округінің әкімі Елдос Газизов ауыл тұрғындарына округке жаңадан тағайындалған учаскелік полиция инспекторын таныстырды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрмансай ауылдық округінің әкімі Елдос Газизов ауыл тұрғындарына округке жаңадан тағайындалған учаскелік полиция инспекторын таныстырды.Аталған лауазымға Постовой Юрий Борисович тағайындалды. Юрий Постовой 1979 жылы Мәртөк ауданында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 24 жылдан астам еңбек өтілі бар. Бұған дейін Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округінде учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарған.Округ әкімі жаңа қызмет иесіне сәттілік тілеп, алдағы бірлесе атқаратын жұмыс бағыттары мен негізгі міндеттерді атап өтті.📌 «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарын сақтау бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, талаптар орындалмаған жағдайда заң аясында ескерту шараларын қолдану;

📌 Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ немесе тұрғылықты жері бойынша уақытылы тіркелмеген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және құжаттарын рәсімдеуге ықпал ету;

📌 Шаруашылық иелеріне жұмысшыларды заңды түрде, келісімшарт негізінде жұмысқа алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

📌 Шөп шабу науқаны кезеңінде техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау, дала өрттерінің алдын алу және шөпті екі тіркемемен тасымалдауға жол бермеу;

📌 Көлік құралдарын (ауыл шаруашылығы техникалары, ауыр, жеңіл автокөлік, мотоцикл, мопед) жүргізу куәлігінсіз және тиісті құжаттарсыз басқару фактілерінің алдын алу;

📌 Қараусыз малдың жайылуына жол бермеу, мал иелеріне тиісті талаптарды түсіндіру және бақылау.

📌 Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен профилактикалық жұмыстар жүргізу (түнгі уақытта балалардың көшеде жүруіне жол бермеу, рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылудың алдын алу);

📌 Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ауылдық клуб меңгерушісімен бірлесіп ақпараттық іс-шаралар ұйымдастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-kurmansay/press/news/details/1259647?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді