
2026 жылдың 16 шілдесінде, Құрық ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекеннің келбетін жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді. Ауыл аумағындағы ұзақ уақыт бойы қараусыз қалып, елді мекеннің сәнін бұзып тұрған ескі қиранды үйлерді бұзып, алып тастау және олардың орындарын қоқыстан толықтай тазарту жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылды. Бұл қадам тек эстетикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бағытында да маңызды рөл атқарды.
Онымен қоса, ауылдың бас жоспарына сай босаған аумақтарды тиімді пайдалануға жаңа мүмкіндіктер ашылды.
Экологиялық акция тек тазарту жұмыстарымен шектелмей, жасыл желекке қамқорлық көрсету шараларына ұласты. Орталық көшелер мен демалыс саябақтарындағы тал көшеттерін күтіп ұстау, жүйелі суару және баптау жұмыстары жоғары жауапкершілікпен қолға алынды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1259437?lang=ru

Жауап қалдыру