Сайлау заңнамасы мәселелері бойынша пікір алмасу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бразилиа, 2026 жылғы 17 шілде – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның Орталық сайлау комиссиясында барып, Бразилия Жоғарғы сайлау соты (Tribunal Superior Eleitoral, TSE) Президентінің кеңесшісі Маурисиу Медейрос ди Ассиспен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы, алдағы бір палаталы Құрылтай депутаттарының сайлауы және «Қазақстан Халық Кеңесінің» құрамын қалыптастыру мәселелері жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, Бразилия тарапы Қазақстандағы парламенттік сайлауға дайындық барысымен, оның ішінде партиялық тізімдерді қалыптастыру және кандидаттарды ұсыну үдерісімен таныстырылды.

Кездесу барысында Елші Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің атынан Бразилия Жоғарғы сайлау сотының Төрағасы Кассиу Нунес Маркесті 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына халықаралық байқаушы ретінде қатысуға шақыру хатын табыс етті.

Өз кезегінде Маурисиу Медейрос ди Ассис Елшіні 2026 жылғы 4 қазанда өтетін Бразилиядағы президенттік сайлауға дайындық барысымен таныстырды. TSE Президентінің атынан қолдау білдіре отырып, ол Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға жоғары баға беріп, ел басшылығына және Қазақстан халқына жоспарланған реформаларды табысты жүзеге асыруға және парламенттік сайлауды жоғары деңгейде өткізуге тілектестік білдірді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Бразилия арасындағы сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы достық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сайлау әкімшілігін жүргізудің озық тәжірибелерімен алмасуға өзара мүдделіліктерін растады. Сондай-ақ алдағы сайлау науқандары барысында екі елдің сайлау органдары өкілдерінің халықаралық байқаушылар ретінде өзара қатысу перспективалары талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1260059?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді