ШҚО-да 37 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО Алтай ауданының прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау саласында жүргізген талдау барысында «Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ-дағы МКК тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылу фактісін анықтады.

 

Медициналық мекеме жеткізушілер алдында бұрын жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін мерзімі өткен берешектің қалыптасуына жол берген.

 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша ауданаралық аурухана  37 кәсіпкерлік субъектісінің алдындағы жалпы сомасы 106,47 млн теңгені құрайтын мерзімі өткен берешекті толық көлемде өтеді.

 

Қабылданған шаралар мемлекеттік кәсіпорынның бизнес алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және қолайлы бизнес-климатты қалыптастыру прокуратура органдары жұмысының басым бағыттары болып қала береді.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы  

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1259375?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді