ШҚО-да ғаламтор арқылы тұқым алған тұрғын есірткі плантациясын өсірген

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

ШҚО-да ғаламтор арқылы тұқым алған тұрғын есірткі плантациясын өсірген

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында полиция қызметкерлері есірткі құрамы бар өсімдіктерді заңсыз егу фактісінің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеке үй аумағынан жабдықталған «үй плантациясы» табылды.

Тергеу барысында жергілікті тұрғынның ғаламтор арқылы қарасора тұқымын сатып алғаны, одан кейін оны фитошамдардың көмегімен үй жағдайында өсіруді ұйымдастырғаны анықталды. Кейін өсімдіктер бақшаға ауыстырылып, күтімі сонда жалғасқан. Ер адам өсірілген қарасораның бір бөлігін кептіріп, жеке мақсатында пайдаланған.

Тінту кезінде полиция қызметкерлері 31 түп қарасораны, кептірілген өсімдік тектес затты, есірткі қолдануға арналған құрылғыны, сондай-ақ өсімдіктерді өсіруге пайдаланылған фитошамды тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктер қарасора тұқымдасына жатады. Тамыры мен топырағынсыз есептегендегі жалпы салмағы 5 келіден асады, бұл заңнамада «аса ірі мөлшер» ретінде сараланады.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті есірткі құрамы бар өсімдіктерді заңсыз егу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын және құқық қорғау органдарының тұрақты бақылауында екенін еске салады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1259457?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді