СПОРТПЕН ТҰРАҚТЫ АЙНАЛЫСУШЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ 44,4 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ 5 / 5. СПОРТПЕН ТҰРАҚТЫ АЙНАЛЫСУШЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ 44,4 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сырдария ауданында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Осы бағытта қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде ауданда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде айналысатын тұрғындардың үлесі 44,4 пайызға жетті. Бүгінде аудан тұрғындарының бұқаралық және кәсіби спортпен айналысуына қолайлы жағдайлар жасалып, спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Ауданда спорт нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және жастарды спортпен жүйелі шұғылдануға тарту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар мен іс-шаралар ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға басымдық берілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1259684?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді