
🔹 Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде стоматологиялық ұйымдардың басшылары мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен оқыту семинары ұйымдастырылды.
🦠 Семинар барысында медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу, стоматологиялық кабинеттерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқару, дезинфекциялау және стерилизациялау қағидалары, сондай-ақ санитариялық заңнамадағы соңғы өзгерістер мен тәжірибеде жиі кездесетін бұзушылықтар жан-жақты талқыланды.
💬 Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толық әрі жан-жақты түсіндірмелер алды.
✅ Семинардың мақсаты – стоматологиялық ұйымдарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, инфекциялардың алдын алу және көрсетілетін медициналық көмектің қауіпсіздігін арттыру перевод на русский

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1259806?lang=ru

Жауап қалдыру