Таразда діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекованың төрағалығымен әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында күн тәртібіне сәйкес екі мәселе қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша Тараз қаласындағы діни ахуал туралы және дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының бекітілген құрамының күшін жою туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Сматилдаева баяндама жасады.

Келесі мәселе аясында дене шынықтыру және спорт саласындағы жаттықтырушылар мен спортшылар арасында радикалды діни идеологиялардың алдын алу мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Оксана Борисюк баяндама оқыды.

Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, Кеңес мүшелері өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Жиын қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерге қатысты тиісті ұсынымдар қабылданып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1260014?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді