Түркістан облысында прокурорлар стратегиялық маңызы бар су арналарының мемлекет меншігіне қайтарылуын қамтамасыз етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сайрам ауданының прокуратурасы стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым объектілерінің мемлекеттік меншігін қорғауға және қайтаруға бағытталған қадағалау қызметін тұрақты негізде жүзеге асырып келеді.

Қадағалау іс-шаралары барысында аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын, 243 мыңнан астам тұрғынды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін сумен қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар 10 су каналы мемлекеттік меншікке ресімделмегені анықталды.

Прокурорлық ден қою шараларымен гидротехникалық құрылыстар мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Аталған объектілердің мемлекеттік меншікте болмауы оларды тиімді басқару мен күтіп-ұстауға, сондай-ақ халықты және ауыл шаруашылығы жерлерін сумен тұрақты қамтамасыз етуге теріс әсерін тигізуі мүмкін еді.

Осыған байланысты прокуратура бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруда.

Түркістан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1259407?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді