Жазғы демалыс: бассейндер мен аквапарктарда қауіпсіздікті сақтайық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жаз мезгілінде бассейндер мен аквапарктарға келушілер саны айтарлықтай артады. Осыған байланысты Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауға шақырады.
 
Бассейндер мен аквапарктардағы қауіпсіздік су сапасын тұрақты бақылау, оны тазарту және залалсыздандыру, сүзгілеу жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі, сондай-ақ үй-жайларды уақтылы тазалау мен дезинфекциялау арқылы қамтамасыз етіледі.
Демалушыларға бассейнге түсер алдында және шыққаннан кейін душ қабылдау, арнайы резеңке аяқ киім кию, денсаулығы сыр берген жағдайда суға түспеу, суды жұтпау, жеке гигиена құралдарын ғана пайдалану ұсынылады. Балалар су айдындарында ересектердің тұрақты бақылауында болуы тиіс.
 
Маңызды! Қалалық субұрқақтар шомылуға арналмаған. Ондағы су бассейндердегідей тазартылып, залалсыздандырылмайды. Сондықтан субұрқақтарда шомылу ішек және тері инфекцияларына шалдығуға, жарақат алуға және денсаулыққа өзге де қауіптердің туындауына себеп болуы мүмкін.
 
Өз денсаулығыңызды қорғаңыз – тек арнайы жабдықталған әрі қауіпсіз шомылу орындарын таңдаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1260003?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді