
🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 16 шілдеде Қостанай қаласындағы Қалалық балалар шығармашылық мектебінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жұмысқа орналасу – осында және қазір» атты облыстық акция өткізілді.
🔹Іс-шараға Қостанай облысы Әділет департаменті бөлімінің басшысы Б. Кудесова, «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы Райхан Тлеубаева, сондай-ақ Заң консультанттары палатасының заң консультанты Аида Серикова қатысты.
🔹Акция барысында қатысушыларға жұмыспен қамту, сот актілерін мәжбүрлеп орындау және құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық консультациялық көмек көрсетілді.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1259322?lang=ru

Жауап қалдыру