Елімізде жаңғыртудан өткен тағы бір теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында Жақсы теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Нысанды жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Вокзалдың ашылу рәсіміне Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, теміржол саласының ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Қайта жаңғырту жұмыстары барысында вокзал ғимаратының аумағы 203-тен 222-і шаршы метрге дейін ұлғайтылып, жолаушылар перроны 388 метрден 503 метрге дейін ұзарды. Ғимараттың шатыры, қасбеті және ішкі бөлмелері жаңартылып, инженерлік желілер, жылыту, сумен жабдықтау және электрмен қамту жүйелері толық жаңғыртылды.

Ғимаратта жиһаз және қажетті жабдықтар орнатылып, іргелес аумақ абаттандырылған, жолаушылар перроны жаңартылған. Вокзалдың қасбеті мен ішін безендіру кезінде отандық өндірістің заманауи құрылыс материалдары пайдаланылды. Кедергісіз ортаны құру үшін мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған ыңғайлы сыртқы көтергіш орнатылды.

Жақсы теміржол вокзалы 1960 жылы салынған, ондаған жылдардан бері енді күрделі жөндеуден өтті. Станция арқылы 8 жолаушылар пойызы қатынап, Астана, Алматы, Қостанай, Арқалық, Семей, Павлодар және Маңғыстау бағыттарымен жолаушылар қатынасын қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1260070?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді