
Қазақстандық қоғамдық даму институты Sarap сарапшылар клубының «2026 жылғы электоралдық ландшафт және сайлау тенденциялары: қоғам не күтеді» тақырыбындағы кезекті отырысы өтті.
Жиынға сарапшылар қауымдастығының өкілдері, ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттары мен талдау орталықтарының басшылары қатысты.
Отырыс барысында жаңа Конституция жағдайында Құрылтай сайлауына қатысты қоғам пікірі, саяси партиялардың қоғамдық-саяси үдерістердегі рөлінің артуы және азаматтардың сайлау науқандарына қатысудағы белсенділігін арттыру мәселесі сөз болды.
Жиында Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген «2026 жылдың II тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуал» және «Қазақстандықтардың саяси бағдарлары» атты екі зерттеудің нәтижелері де таныстырылды.
Зерттеу қорытындылары қоғамда бірлік пен мемлекеттік институттарға деген сенімнің жоғары деңгейде сақталып отырғанын және алдағы сайлауға жұртшылықтың оң көзқарасы қалыптасқанын көрсетті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1260087?lang=ru

Жауап қалдыру