
Түпқараған ауданы полиция бөлімінің профилактикалық кабинетінде отбасы тыныштығын бұзған тұлғамен Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының қызметкері Г. Байкуренова профилактикалық сұхбат өткізді.
Әңгімелесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау, отбасы мүшелері арасындағы жанжалдарға жол бермеу және өзара сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, аталған тұлғаға отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы ескертіліп, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі жеткізілді.
Профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1260084?lang=ru

Жауап қалдыру