Ақтөбе облысының прокурорының бірінші орынбасары Талғат Айтбайұлы Әлібаев жұмыс сапарымен Алға ауданына келді.
Жұмыс сапары аясында пробация қызметі мен полицияның бақылауындағы азаматтардың қайталама құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасауының алдын алу, сондай-ақ оларды әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын жетілдіру мәселелері бойынша ведомствоаралық жедел кеңес өткізілді.
Кеңеске Алға ауданының әкімі, аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, білім бөлімінің, аудандық аурухананың, сондай-ақ «Жадыра» отбасын қолдау орталығының өкілдері қатысты.
Жиын барысында азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді жетілдіру және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту бағытында «FSM Social» мобильді қосымшасын пайдалану тәжірибесі талқыланды.
Кеңес барысында жауапты мекемелердің баяндамалары тыңдалып, пробация есебіндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау, олардың қайта құқық бұзушылық жасауына жол бермеу және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған бірқатар міндеттер айқындалды.
Іс-шара қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға профилактикалық жұмыстардың сапасын арттыру және әлеуметтік бейімдеу шараларын одан әрі жетілдіру жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1260285?lang=ru

Жауап қалдыру