
Ақтөбе облысында облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында 2026–2027 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінетін мемлекеттік білім беру гранттарын орналастыратын жоғары оқу орындары айқындалды.
14–16 шілде аралығында өткен конкурсқа еліміздегі төрт жоғары оқу орны құжаттарын ұсынды. Олар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университеті және Қазақ ұлттық спорт университеті.
Комиссия ұсынылған материалдарды ел заңнамасында белгіленген талаптар мен бағалау өлшемшарттарына сәйкес қарады. Атап айтқанда, білім алушылар контингенті, профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуеті, материалдық-техникалық базасы, ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейі, аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы, түлектердің жұмыспен қамтылуы, халықаралық және ұлттық рейтингтердегі көрсеткіштері, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП рейтингі ескерілді.
Педагогикалық бағыттағы математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері және арнайы педагогика мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті қатысады.
Мәдениет саласы бойынша «Музыкалық театр әртісі» және «Аспаптық орындаушылық (ішекті аспаптар – контрабас)» мамандықтарына Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті өтінім берді.
Дінтану және теология мамандығы бойынша кадрларды даярлау «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінде, ал «Спорт жаттықтырушысы» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына Қазақ ұлттық спорт университетінде жүзеге асырылады.
Бакалавриат деңгейі бойынша жергілікті білім гранттарына талапкерлердің құжаттарын қабылдау тамыз айында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында жүргізіледі.
Айта кету керек, шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларына түсетін талапкерлер шығармашылық емтиханды өздері таңдаған жоғары оқу орнында тапсырады. Осыған байланысты шығармашылық маман.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1260708?lang=ru

Жауап қалдыру