Астанада Focus Developments компаниясының халықаралық Fix Price дүкендер желісіне арналған заманауи логистикалық хабының құрылысы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Соған орай, капсула салу рәсімі өтті. Жаңа нысан Өндіріс тұрғын алабында орналасады.

«Халықаралық Fix Price сауда желісіне арналған заманауи тарату орталығының құрылысы Қазақстанның логистикалық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Жоба тауармен қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға, жүк тасымалының жылдамдығын ұлғайтуға және Астананың Орталық Азиядағы негізгі логистикалық орталықтардың бірі ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде қала әкімдігі инвестор үшін қолайлы жағдай жасап, жобаны іске асырудың барлық кезеңінде жан-жақты қолдау көрсететін болады» – деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов.

Тарату орталығының жалпы аумағы 35 мың шаршы метрді құрайды. Жобаны аясында шамамен 200 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Кешен BTS (built-to-suit) моделі бойынша салынады. Яғни нысанды компанияның операциялық қажеттіліктеріне бейімдеуді көздейді. Хабтың Өндіріс тұрғын алабында орналасуы көлік шығындарын оңтайландырып, кәсіпорынды қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан – Fix Price желісі үшін негізгі нарықтардың бірі. Компания елімізде 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. INFOLine талдау агенттігінің мәліметіне сәйкес, Fix Price жыл сайын Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан сауда желілерінің қатарынан орын алып, дүкендер санын басқа ритейлерлерге қарағанда жылдам арттырып келеді. 2026 жылдың бірінші тоқсанында желіде 399 дүкен жұмыс істеген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артық. Бүгінде Қазақстандағы Fix Price дүкендері – сұранысқа ие, әрі сапалы тауарлардың кең ассортиментін ұсынатын заманауи және қолайлы сауда нүктелері», – деді Fix Price Kazakhstan компаниясының директоры Алексей Ермаков.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1260749?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді