
Астанадағы №1 Индустриялық парк аумағында қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ұйымдастырған БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті
Журналистер Қазақстандағы ең ірі алтын аффинаж зауыты – «Тау-Кен Алтын» кәсіпорны мен жақында іске қосылған «TAZAU» тазарту құрылыстары зауытында болды.
Баспасөз туры барысында қатысушылар кәсіпорындардың өндірістік үдерістерімен, заманауи технологияларымен және даму жоспарларымен танысты.
«Тау-Кен Алтын» зауыты алтынды аффинаждаудың толық циклін жүзеге асырып, халықаралық сапа стандарттарына сәйкес өнім шығарады. Ал «TAZAU» зауыты полипропиленнен жасалатын блокты-модульдік тазарту құрылыстарын өндіруге маманданған. Бұл материал жоғары беріктігімен және ұзақ қызмет ету мерзімімен ерекшеленеді.
Мұндай кәсіпорындар елорданың өндірістік әлеуетін, жоғары технологиялық өндірістің дамуын және заманауи инженерлік шешімдердің енгізіліп жатқанын айқын көрсетеді.
Толығырақ: https://www.vechastana.kz/news/promyslennaia-evoliuciia

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1260747?lang=ru

Жауап қалдыру