
Ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында «Қазақтелеком» АҚ өкілдерінің, жергілікті атқарушы органдардың және құзырлы мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді.
Жиын барысында жобаны іске асырудың өзекті мәселелері қарастырылып, жоғары жылдамдықты интернет желісін ауылдық елді мекендерге жеткізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша анықталған мәселелерді шешу және жобаны тиімді әрі уақтылы іске асыру жөнінде тиісті келісімдерге қол жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1260696?lang=kk

Жауап қалдыру