
К Ү Н Т Ә Р Т І Б І Н Д Е :
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Департаменттін Әдеп жөніндегі уәкілі А.Садыкова түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) жолданымдар бойынша түсіндірме жұмыстары.
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 26 маусымдағы №98 «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы түсіндірме жұмыстары.
Қазақстан Республикасының « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының (бұдан әрі – Заң) 12 бабына сай «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімі болуға, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
- мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
- жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
- материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;
- “Ойын бизнесі туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Заңның 13 бабының 4-тармағында Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда), лауазымды адамдарға, өкілеттігін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын, еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының бюджет қаражатынан жүргізілетін аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілеріне, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілеріне, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілеріне, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық және өңірлік даму институттарында, олардың еншілес ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын не осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген акцияларды басқару үшін қажетті, не осы баптың 2-1-тармағында көзделген, не саяси партияны, кәсіптік одақты, тұтыну кооперативін немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқаруға өтеусіз негізде қатысу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға;
2) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және қытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті, резервтегі әскери қызмет өткеруді қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға тыйым салынады.
Берілген тапсырмалар бойынша:
1.1.Департамент қызметкерлері өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу (Жауапты: Департамент мамандары; орындалу мерзімі: тұрақты).
1.2.Департамент қызметкерлері ішкі тәртіппен лауазымдық нұсқаулығын, сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының сақталуын қамтамасыз етсін (Жауапты: Бөлім басшылары; орындалу мерзімі: тұрақты).
1.3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау лауазымға қабылдаудан бас тартуға не жұмыстан шығаруға (атқарып жүрген лауазымынан босатуға, өкілеттіктерін тоқтатуға) алып келеді, оларды сақтамау жұмыстан шығаруға (атқарып жүрген лауазымынан босатуға, өкілеттіктерін тоқтатуға) негіз болып табылады (Жауапты: Департамент мамандары; орындалу мерзімі: тұрақты).
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) 65-бабының 1-бөлігіне сәйкес жолданымды қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен жолданым, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданады (Жауапты: Департамент мамандары; орындалу мерзімі: тұрақты).
2.1. Кодекстің 73-бабына сәйкес, әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі (Жауапты: Департамент мамандары; орындалу мерзімі: тұрақты).
2.2. Азаматтардан келіп түскен әрбір өтініштерді онда көтерген мәселелерді назардан тыс қалдырмай жан жақты тиісті түрде қаралсын (Жауапты: Бөлім басшылары; орындалу мерзімі: тұрақты).
2.3. Кодекстің 69-бабына сәйкес жарнамасы бар ұсыныстар, сондай-ақ “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жолданымдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен жолданымдар есепке алуға жатпайды (Жауапты: Департамент мамандары; орындалу мерзімі: тұрақты).
2.4. «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидасының 15-тармағына сәйкес бір субъектіден басқа субъектіге келіп түскен қызметтік құжаттар, жоғары тұрған органның тапсырмалары мен нұсқаулары, жарнама қамтылған ұсыныстар, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша жолданымдар, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 9-тармағымен реттелетін жолданымдар, хабарламалар, сұрау салулар, пікірлер, ұсыныстар, өтінішхаттар есепке алуға жатпайды, «Электрондық жолданымдар» АТЖ-ға келіп түскен құжаттар ТӨ-2 нысанын толтыру жолымен басқа ақпараттық жүйелерге көшірілуге жатады, басқа ақпараттық жүйелерге көшіру келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылсын (Жауапты: Департамент мамандары; орындалу мерзімі: тұрақты).
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 26 маусымдағы №98 «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұйрықпен енгізілген өзгерістер қызметкерлерге таныстырылып, жұмыс барысында басшылыққа алу тапсырылды. (Жауапты: Департамент мамандары; орындалу мерзімі: тұрақты).
- Осы хаттамалық тапсырманың орындалуын қадағалау Департаменттің бөлім басшыларына жүктелсін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-shymkent/press/news/details/1260577?lang=ru

Жауап қалдыру