
Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында «Көктем» сауда үйінің алаңында «Халық заңгері» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету.
Іс-шара барысында тұрғындарға атқарушылық іс жүргізу, банктік шоттарға тыйым салу және оны алып тастау мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік, тұрғын үй, отбасы және еңбек қатынастарына қатысты, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтауға қолайлы жағдай жасау, контрафактілік өнімдерді таратуға қарсы күресті насихаттау және танымал ету, сондай-ақ контрафактілік өнімдерді тарату проблемасы туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берілді.
Сонымен қатар, азаматтарға Әділет министрлігінің цифрлық сервистері таныстырылды. Атап айтқанда, құқықтық кеңес алуға арналған жасанды интеллект негізіндегі чат-бот және «AdiletGov» мобильді қосымшасындағы «Тараптардың кабинеті» сервисі туралы ақпарат берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1260686?lang=ru

Жауап қалдыру