
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Ибрагимов Мият Садырұлы Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен тұрақты кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 Жарлығын орындау мақсатында, жұмыс жоспарына сәйкес Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Қызылшаруа ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Сонымен қатар, Ақбұлақ ауылдық округіне бекітілген учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Күмісбек Ғалым Алмасұлы 2026 жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы ауыл тұрғындарына есебін берді.
Жиында ауыл тұрғындары тарапынан балалардың мопед/скутер көп айдауы, ауыл ішілік көше тазалығы және т.б. сұрақтар көтеріліп, тиісінше жауаптар беріп, ұсыныстарын тыңдап алдағы уақыттағы жоспарына қосатынын мәлімдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-akbulak/press/news/details/1260210?lang=ru

Жауап қалдыру