Қостанай облысында KZ10-01 «Денисовка – Жітіқара – Мүктікөл – Ресей Федерациясының шекарасы (Кондыбай өткізу пункті)» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 98–137 шм учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жөнделіп жатқан учаскенің жалпы ұзындығы 42 шм құрайды. Жұмыстар бекітілген өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде және автомобиль жолының пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіруге, жол жабынының көлік-пайдалану жағдайын жақсартуға, сондай-ақ оның қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған.
Орташа жөндеу аясында 25 шм учаскеде жаңа материал қосу арқылы ресайклирлеу жұмыстары, 22,6 шм учаскеде ыстық ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан төменгі жабын қабатын төсеу, сондай-ақ 17,6 шм учаскеде ыстық ұсақ түйіршікті асфальтбетон қоспасынан жоғарғы жабын қабатын төсеу жұмыстары орындалды. Нысанның құрылыс дайындығы 54 % құрайды.
Қазіргі уақытта мердігер ұйым «Қостанай Жолдары» ЖШС жаңа материал қосу арқылы ресайклирлеу, төменгі және жоғарғы жабын қабаттарын төсеу жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыстар бекітілген өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қостанай облыстық филиалының тұрақты бақылауында.
Нысанды іске асыру үшін 30 маман және 28 бірлік арнайы жол-құрылыс техникасы, оның ішінде асфальт төсегіштер, жол катоктары, автогрейдерлер, фронталды тиегіштер және автосамосвалдар жұмылдырылған.
Негізгі жол-құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін автомобиль жолын жайластыру жұмыстары орындалады, оның ішінде көлденең жол таңбаларын салу, жол белгілерін орнату және жол жиектерін нығайту жұмыстары жүргізіледі.
Аталған нысанды іске асыру жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, автомобиль жолын пайдаланушылар үшін қолайлы жағдай жасауға, өңірдегі елді мекендердің көліктік қолжетімділігін жақсартуға, сондай-ақ республикалық жол желісінің негізгі учаскелерінің бірінде көлік қатынасының сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1260522?lang=ru

Жауап қалдыру