Нотариат реформасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Заңмен атқарушылық жазбаны борышкердің тіркелген жері бойынша ғана жасау талабы бекітілді. Бұл өзгеріс азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және нотариаттық рәсімдердің аумақтық қағидатын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, атқарушылық жазба жасалғаны туралы азаматтарды СМС-хабарлама арқылы хабардар ету тетігі көзделді, бұл олардың уақытылы ақпарат алуына және өз құқықтарын жедел қорғауына мүмкіндік береді.

Заң аясында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) үшінші тұлғаларға беру және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша қосымша құқықтық кепілдіктер енгізілді. Аталған талаптарды бұзған нотариустардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған нормалар бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1260527?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді