Өндірістік қауіпсіздік: бақылау және алдын алу шаралары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Алтынбекұлы Садырбаев жұмыс сапары аясында «KazDrilling Company», «ЮДиКОМ LTD» және «Лукойл Лубрикантс Центральная Азия» өндірістік нысандарында болды. Алматы қаласындағы нысандарды аралау барысында мекеме басшылығымен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты пысықталды. Тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын және салалық заңнаманы жетілдіру бағыттарын талқылады. Кәсіпорын өкілдері қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
     Бизнес-қоғамдастықпен сындарлы диалогқа дайын екенін растаған вице-министр келіп түскен ұсыныстардың тиісті тәртіппен қаралатынын жеткізді. Ол мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимылы – еліміздегі қауіпсіздік деңгейін арттырудың басты факторы екенін ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1260849?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді