Павлодар облысы әкімінің Металлургтер күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті металлургтер, ардақты сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тау-кен металлургия кешенін Қазақстанның индустриялық дамуының берік тірегі ретінде ерекше атап келеді. Павлодар облысы үшін металлургия – экономиканың маңызды саласы ғана емес, еңбекқорлықтың жарқын үлгісі.

Өңірімізде еліміздің жетекші металлургиялық кәсіпорындары – «Қазақстан алюминийі» АҚ, Қазақстан электролиз зауыты, Ақсу ферроқорытпа зауыты, KSP Steel және басқа да өндіріс орындары табысты жұмыс істеуде. Бұл салада 21 мыңнан астам жерлесіміз еңбек етеді. Павлодар облысында Қазақстандағы глинозем мен алюминийдің басым бөлігі, сондай-ақ ферроқорытпаның жартысынан астамы өндіріледі.

Осы жетістіктердің барлығы – өз ісіне адал, қажырлы еңбегімен ел қуатын арттырып жүрген металлургтердің маңдай терінің жемісі. Саланың қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге ерекше алғысымды білдіремін.

Барша металлургтерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, толайым табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!

Мерекелеріңізбен!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1260328?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді