Қарағандыда автобустар арқылы қауіпсіздік туралы ақпарат кеңінен таратылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен №3 автобус паркімен бірлесіп қаладағы қоғамдық көліктердің сыртқы бетіне қауіпсіздік тақырыбындағы ақпараттық материалдар орналастырылды.

Автобустарда балалардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды ережелер бейнеленген. Бұл бастама тұрғындардың назарын қауіпсіздік талаптарына аударып, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Қоғамдық көлікті күн сайын мыңдаған тұрғын пайдаланатындықтан, ақпаратты автобустарға орналастыру оның кең аудиторияға тиімді жетуіне мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1260381?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді