«Қауіпсіз жол» ЖПІШ: Ертіс өңірінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 мыңға жуық дерегін анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары жолдағы жағдайға күшейтілген бақылау жүргізіп, Жол қозғалысы қағидаларын бұзу деректерінің жолын кесті.
Жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесінде жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 2733 дерегі анықталды. Оның ішінде 1130 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, 465 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған, тағы 255 жүргізуші техникалық жай-күйі талапқа сай келмейтін көлік құралын басқарған, ал 32 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 73 жүргізушіні ұстады.
– Жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік жыл сайын күшейтіліп келе жатқанына қарамастан, кейбір жол қозғалысына қатысушылар әлі де болса немқұрайлық танытып, қауіпсіздік талаптарын елемейді. Мұндай жауапсыздық көбіне ауыр, тіпті қайғылы салдарға әкеледі, – деді Павлодар облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.
Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, жолда өзара сыйластық пен жауапкершілік танытуға шақырады. Өйткені бір-біріне деген құрмет пен қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтау – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1260438?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді