Қазақстан Республикасы Президентінің Испанияның FIFA 2026 футболдан әлем чемпионатындағы жеңісіне орай құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Испания құрамасының 2026 жылғы FIFA футболдан әлем чемпионатындағы тарихи жеңісіне орай Испания Королі VI Филипп Мәртебеліге құттықтау хатын жолдады.

Мемлекет басшысы испан футболшылары көрсеткен ерекше командалық рухты, табандылықты және жоғары шеберлікті атап өтіп, Мәртебелі Корольге және бүкіл испан халқына шынайы құттықтауын жеткізді.

Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшілігі де бұл құттықтауға шын жүректен қосылып, достас испан халқымен бірге осы айтулы спорттық жеңісті қуана атап өтеді.

Испания, құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1260780?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді