Құқық бұзушылық профилактикасы туралы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 245-VIII ҚР Заңы 60-бап. Қорғау нұсқамасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік ұстап алуды не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабында көзделген тәртіппен ұстап алуды жүргізу үшін негіздер болмаған кезде жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық полиция органдарының бастықтары, олардың орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі инспекторлар құқыққа қайшы іс-әрекеттерді жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасын шығарады, ол зорлық-зомбылық жасаған не зорлық-зомбылық жасау қатерін төндіретін адамға орындау үшін қолын қойғызып табыс етіледі. Қол қоюдан бас тартқан жағдайда, қорғау нұсқамасында бұл туралы жазба жасалады.

Жәбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайдағы құқықтық салдары түсіндіріліп, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның көшірмесі қолын қойғызып ұсынылуға тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1260704?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді