
Т. Рысқұлов ауданында сел қаупіне ден қоюға бағытталған «СЕЛ-2026» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Оқу-жаттығуға төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті атқарушы органдар және азаматтық қорғау қызметтері қатысты.
Олар табиғи апат қаупі кезінде әрекет ету алгоритмін пысықтап, күштер мен құралдардың дайындығын іс жүзінде тексерді. Жаттығу барысында апаттық-құтқару жұмыстарының кезеңдері көрсетіліп, арнайы техника мен жабдықтардың мүмкіндіктері сыналды.
Қатысушылар зардап шеккендерді құтқару, эвакуациялау және шұғыл көмек көрсету бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1260410?lang=ru

Жауап қалдыру