
Шымкент қаласы Полиция департаментінде Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мен «Яндекс самокат» және «JET самокат» кикшеринг компанияларының өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген электросамокаттарды пайдалануға қатысты заңнамадағы өзгерістер мен олардың орындалу барысы талқыланды.
Сондай-ақ кикшеринг компанияларының өкілдері жалға берілетін электросамокаттарды тіркеу тәртібі мен пайдалану қағидалары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда Шымкент қаласында «Яндекс самокат» компаниясына тиесілі 900, ал «JET самокат» компаниясына тиесілі 1000 электросамокат тұрғындардың пайдалануына ұсынылған.
Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және электросамокаттарды қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалануға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1260363?lang=ru

Жауап қалдыру