
Шымкент қаласының Әділет департаменті мен TEN QOGAM әлеуметтік қолдау орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тегін құқықтық көмекке қолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ құқықтық мәселелер бойынша бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Ынтымақтастық аясында тараптар алдағы уақытта бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер, құқықтық қабылдаулар мен кеңес беру іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Аталған жұмыстар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қажетті құқықтық ақпарат пен білікті заң көмегіне қолжетімділікті арттыруға бағытталады.
Тараптар арасындағы өзара іс-қимыл тұрғындарға сапалы құқықтық қолдау көрсетуге, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1260716?lang=ru

Жауап қалдыру